события в Казахстане, достижения, новости региона / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него.












события в Казахстане, достижения, новости региона



Публикация моих статей

Блог atyraupatriot Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


www.atr.kz
СЕКСЕН СЕГІЗІНШІ ЖЫЛ – СІЗДЕРМЕН БІРГЕ!

орналастырған admin on Қаң 06, 2011 | пікір жазылмаған

… Жаңа жыл алдында облыстық «Атырау» газетіне өзінің көкейтесті ой-пікірлерін ұдайы жолдап, ел, облыс тынысындағы жаңалықтарға үн қосып тұратын Құрмет Нұрсариев ақсақал телефон шалды. Редакция қоржынында жатқан өз хатының жай-жапсарын сұрай келе:
- «Атырау» газеті – ұзақ жылдардан бергі сенімді сырласым. Бір нөмірін жібермей оқимын. Міне, 2011 жылға да жазылып қойдым, – деді ол. Бұрын ішкі істер органдарында қызмет істеген, қашанда тәртіпті бірінші орынға қоятын қарттың айтар ойлары да аз емес екен, әңгімеміз тағы да сүт пісірім уақытқа созылды. Өздерінің толғақты ой-ұсыныстарымен бөлісіп отыратын, газетті толыққанды пікірлер мінбері санайтын мұндай тұрақты оқырмандарымыз бен белсенді авторларымыз көп.
Газет – қашанда оқырманымен ғана газет. Осы аксиома үдесінен қарасақ, шүкірміз! Биыл көзіқарақты жұртымен сексен сегізінші жыл жүздесіп отырған «Атыраудың» 2011 жылға таралымы 30 мың данаға жетті. Тек «Қазпошта» арқылы жазылымның өзі 28 мыңға тартса, баламалы негізде жазылғандар да аз емес. Баспасөзге жазылу науқанында қазақтың қаймағы бұзылмаған өңірі – Қызылқоға ауданы 3053 данамен көш бастап тұр. Сондай-ақ, Махамбет, Индер және Құрманғазы аудандарындағы оқырмандарымыз да сенімді ақтады. Ал, Исатай, Мақат, Жылыой және Атырау қаласындағы газетімізге жазылу көрсеткіштері де аса шарықтап кетпегенімен, жылдағы меже үдесінен шыға білді. Осылайша, облыс жұртшылығы өздерінің сүйікті басылымы, аймақ айнасы – «Атыраумен» бірге екендігін көрсете білді. Осы орайда газетке жазылу барысында ұдайы қолдау-көмек көрсеткен Атырау қаласының әкімі Мереке Исмұратов, Қызылқоға ауданының әкімі Берікқали Сәрсенғалиев, Махамбет ауданының әкімі Өмірзақ Зинуллин, Құрманғазы ауданының әкімі Аманжан Такешов, балама жазылуда белсенділік танытқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Алтай Қазмағамбетов мырзаларға алғысымызды айтамыз. Ең бастысы, «өзімнің газетім» деп асыға тосатын тұрақты авторларымызға да, ой-пікірін көк конвертке түйіп, күн құрғатпай жолдайтын мың – сан оқырмандарымызға да (олардың бірқатарын бүгінгі нөмірдегі «Сырқайнар» бетінен де оқи аласыздар) рахметімізді жолдаймыз.
Біз «бүгінгі буын, ертеңгі келешек атадан кеңкелес туып, қоңыз теріп кетпесе, еңсе тіктер ерлік пен мәртебемізді ұлықтар мәрттікке бастар бағдаршам болсақ…» деген жанкешті тірлікті әу баста қолға алып, ұлы Қағанның Тәңір текті ұрпағына ғаламның бас иесі екенін есіне түсірген, «Атырауды» ақпарат айдынында ту етіп көтерген алдыңғы буынды да ілтипатпен ауызға аламыз. Өйткені, енді екі жылдан кейін 90 жылдық мерейтойын атап өтетін бұл басылымның шежіресінде олардың қаламының қуатты ізі сайрап жатыр.
Сол аға буын өкілдерінің эстафетасын алға алып келе жатқан, газетті ұстап тұратын үштағанның алдыңғы екеуі – қалың оқырман мен белсенді авторлар хақында айттық, ендігі тірек – тілшілер корпусы. Редакция аппаратындағы және аудандардағы тілшілеріміздің қаламынан туған төлтума дүниелер облысымыздың түкпір-түкпіріндегі қазақтың санасына сәл де болса сәуле шашып жатса, бізге одан артық мәртебенің керегі шамалы. Осыны жете түсінген редакциядағы қызметкерлердің қай-қайсысы да – күн демей, түн демей мігір көрмейтін жанкештілер. Бір сөзбен айтқанда, «Атырау» – ақпарат айдынында алғы күнге үкілі үмітпен, әппақ сезіммен, жалын жігермен бет алған ақ желкен!
… Ақпараттық тұтастық үшін, пікір еркіндігі үшін, балама көзқарас үшін, жылт еткен жақсылық пен халқымызға құт-береке әкелер игіліктерді әйгілеп, індет атаулыны қоғамдық ойдың тезіне салып отыру үшін… өзін азат елдің шын иесі сезінетін көңілі сергек, көкірегі ояу оқырман үшін… «Атырау» әлі де талай асулардан асып, шығармашылық тың белестерді бағындыруы тиіс!

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ,
бас редактор.
Теги: Атырау
Қазақстан Республикасының Президенті лидер саясаткер жоғарғы қарулы күш көшбасшысы ұлы мәртебелі мырзамыз Қарағанды институтын бітіргеннен кейін Металлургия заводында жұмыс жасап жүрген уақытта Сара Алпысбайқызымен сол жерде танысып, отау құрып, жанұя болған. Міне осы уақыттан бері қарай отбасының берекетін жалғастырып, жанұямен жоғарғы дәрежелі ақ жаулықты ел анасы деген дәрежеге жетті.
Міне қазыр Сара қызымыз 12 ақпанда 1941 жылы дүниеге келген. Кешегі күнгі Совет үкіметі тарап, 1990 жылдан бастап Бөбек қорын құрып, сәбилерді қамқорлай бастады. Қиын қыстау заман болса да нарықтың кезінде сол қиындықты жеңе білген Сара Алпысбайқызы ханым ссндай еңбек етті,жас сәби бөбектерге. Сол сәбилердің алғысынан қазір міне зейнеткерге шығып жатыр. Мен оқырман ретінде, осы жердің тұрғыны ретінде Сара қызымызды жетпіс жас торқалы тоймен осы баспасөз арқылы құттықтағым келеді. Жасына жас қосыла бергей, отбасы берекелі мерекелі болғай. 2011 жылынесігін айқара ашып жатырмыз,қоян жылы құтты болғай деген сөзімді тарту етемін. Мен ханым қызымыздың жұмысының жақсы екеніне куәгермін. Атырауға бірінші рет келіп, Бөбек қорын осы жерден де ашқан болатын. Аналық жылы алақанымен сол сәбилердің маңдайынан сипаған болатын.
Менің жақсы білетн, Дариға Назарбаева қызымыз көптеген еңбек жасады үкіметке.
Теле Хабар арнасын нарық кезінде қаражат көзін тауып, дүниежүзі мемлекетімен арнаны іске қосты. Бұл тек қана бір ақ жұмысы емес. Дариға Назарбаева ханым қызымыз, сол жұмыс жасап жүрген уақытта Асар партиясын құрды. Қос партия қол қосты деп, жергілікті газетке баспасөз бетіне хат жазып, олар дер кезінде жарық көрген болатын. Өзінің жастық шағында қазақ халқының бір туар қызы ретінде жұмысын көрсете білгендей болды. Шет мемлекеттерге барып, қазақ әндерін шырқата салған Дариға Назарбаева қызымыз сондай өнерлі жан жақты өзін көрсете білді. ҚР тұңғыш президентіміз көп ұлтты мемлекетті жоғарғы дәрежелі жас мемлекет болса да алдыңғы мемлекет қатарына өз үлесін қосып, жоғарғы мемлекет деген атағына ие болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы жоғарғы дәрежелі шет мемлекеттермен экономиканы терезесін теңестірді.


Атырау қаласы
Құрмет Нұрсариев
Нұр Отан ҚДП мүшесі
05.02.2011 жыл

Теги: Атырау
Атырау облысының Әкімі
Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев мырзаға

Атырау қаласының Әкімі
Мереке Отарұлы Исмұратов мырзаға


Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті лидер саясаткер қарулы күш көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы мәртебелі мырзамыздың 28 қаңтар 2011 жылғы жолдауы бойынша «Алтын Орда», «Атырау», «Прикаспийская коммуна», «Қайсар» газеттеріне, Астана қаласынан шығатын «Сақшы» газетіне мақала жазып, жолдауды қолдап, жіберіп жатырмын.
2011 жылын жаңа ғана есігін ашып, табалдырығын аттап жатырмыз. 2010 жыл ҚР бойынша көп ұлтты мемлекетке жақсы жыл болды деп айтсам, иншалла артық айтпаған болармын, міне, мұның айғағы кешегі күнгі 1-2 желтоқсан Астанада саммиттың өтуінің ұлы мәртебелі ханымдар мен мырзалар, шет елден 56 мемлекет келіп, Қазақстан халқының түңғыш президенті жоғарғы дәрежедегі лидер дипломант деген атағын берді.
Міне, иншалла құдайға шүкір, Атырау облысы бойынша, қала бойынша Сіздер де жақсы жұмысты атқардыңыздар. Елбасының жолдауы бойынша жол картасында экономиканы да, тұрғын үй мәселесінде, бар мүмкіншіліктеріңіз келгенше дәрігерлерге, педагогтерге, соғыс ардагерлеріне, сонымен қатар жас отбасыларға ешқандай шеретсіз пәтер кілтін бергендеріңізге біз тұрғын ретінде куәгерміз.
Иншалла 2011 жыл да қоян жылы деп атап жатырмыз. Бұл жылымыз да мерекелі де берекелі болғай, құтты жылымыз болғай деп тілегімді осы хат арқылы тарту етемін қос мырзаға. Мен өзім зейнеткер болсам да қол қусырып отырмай, 1995 жылдан саясатпен араласам, бар мүмкіншілігімше. Шалғайдан шығатын Астанадан Сақшы газеті шығады. Міне соғанда оқырман ретінде хат жазып тұрамын. Елбасының жүргізіп жатқан саясатын Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Серік Нұртайұлы Баймағамбетов те елбасының тапсырған тапсырмасы бойынша осы Сақшы газетіне хат жазып тұрамын оқырман ретінде. Атырау облысының басшылық жұмысын атқарып жатырған, қандай жағдайда болмасын қаржы экономикасын қалпына келтіріп, облыс бойынша тұрғын халыққа мүмкіншілігін жасап жатырсыз. Жақын арада Сақшы газетіне мақала жазып едім, сол жарық көрген екен. Міне соны сіздерге оқысын деп, хат арқылы жіберіп отырмын. Айыпқа санамаңыздар, көп ұлтты мемлекетпіз, еліміз тұғырлы, тыныш болғай, деген сөзбенен іске сәт деп сөзімді тәмәмдаймын.

Игі тілекпен
Атырау тұрғыны
Құрмет Нұрсариев.
03.02.2011 жыл